Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау». «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз. Осы орайда 17 ақпан күні рухани жаңғыруы бағдарламасын іске асыру және әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғыну және қастерлеу туралы ой бөлісу мақсатымен әке мен ұл балаларға арналған "Әке -шаңырақтың тірегі" атты диалог алаңы ұйымдастырылды."Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі шарамызда әке туралы ой қозғалды, қызықты тапсырмалар, ойындар, тренингтер,
«Қызықты сұрақтар», жағдаяттар көрсетіліп, бұл жағдай дұрыс па, бұрыс па, мәселені қалай шешу керектігінің жолдарын ұсынып, ой бөлісті.