Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
15 мамыр Халықаралық Отбасы күні аясында "Толағай" отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.Оған Каримовтар,Текебаевтар, Лунёвтар және Қожаберген отбасылары қатысып, өте қызықты тартыс болды.Жарыс қорытындысы бойынша 1орынды Текебаевтар, 2 орынды Каримовтар, 3 орынды Қожабергендер отбасы иеленді.
Жарысқа "Аманат" партиясы қолдау көрсетіп, жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады.Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан әр шаңырақта бақыт шуағы орнап, ата-ана мейіріміне бөленген сәбилердің жарқын күлкісі молая түссін!