ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Мүткенов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Муткенова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Мүткенов а.
+7 (718) 412 45 88
mutkenov@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Мүткенов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Муткенова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Басшы білім беру ұйымы туралы мәліметтер

8 наурыз мерекесі аясында 6 наурыз күні "Қыз - өмір көркі" атты ару қыздар мен бүлдіршін қыздарға арналған сайыс ұйымдастырылды.

Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатымен мектебімізде "Армысың, Әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

17 ақпан күні рухани жаңғыруы бағдарламасын іске асыру және әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғыну және қастерлеу туралы ой бөлісу мақсатымен әке мен ұл балаларға арналған "Әке -шаңырақтың тірегі" атты диалог алаңы ұйымдастырылды.

2023 жылдың 23 ақпан күні Мүткенов атындағы орта мектебінде Ақтоғай ауданының 85 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновтің 110 жыл толуына орай қазақша күрестен жарыс өтті. Жарысқа Ақтоғай , Ертіс, Тереңкөл және Железин ауданының палуандары қатысты. Мектебіміздің палуандары жоғарғы нәтиже көрсетті.

1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты 1-11 сыныптар арасында "Бір шаңырақ астында"  атты достық фестивалі өтті. Фестивалда әр ұлттың әні шырқалып, би биленіп, ұлттық тағамдары ұсынылып, мерекелік шара жоғары дәрежеде өтті.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. 15 мамыр Халықаралық Отбасы күні аясында "Толағай" отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.Оған Каримовтар,Текебаевтар, Лунёвтар және Қожаберген отбасылары қатысып, өте қызықты тартыс болды.Жарыс қорытындысы бойынша 1орынды Текебаевтар, 2 орынды Каримовтар, 3 орынды Қожабергендер отбасы иеленді. Жарысқа "Аманат" партиясы қолдау көрсетіп, жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады.Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан әр шаңырақта бақыт шуағы орнап, ата-ана мейіріміне бөленген сәбилердің жарқын күлкісі молая түссін!

© 2024. Все права защищены.